ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысына іссапармен келді
267
Орталық Сайлау Комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысына іссапармен келді, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Республика Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына сайлауды әзірлеу мен өткізу шеңберінде өңірлерге жасаған инспекциялық сапарларын Қызылорда облысында жалғастырды.
Төраға алдымен аумақтық сайлау комиссия мүшелері мен мемлекеттік орган басшыларымен қатысуымен көпшелі семинар-кеңес өткізді.
Іссапарға Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман және ОСК аппаратының жауапты мүшелері қатысты.
Жиынға құқық қорғау органдарының басшылары, салалық басқарма және департамент басшылары, аумақтық сайлау комиссия мүшелері, кандидаттардың сайлауды штабының өкілдері, ЕҚЫҰ ДИАҚБ сайлауды бақылау жөніндегі ұзақ мерзімді Миссиясының мүшелері Вероника Куралт (Словения) пен Роман Давид Магри (Швейцария) және БАҚ өкілдері шақырылды.
Кеңес барысында облыс әкімінің аппарат басшысы Шахмардан Байманов өңірде 486 002 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілгенін, сайлаушылар үшін saylau.orda.gov.kz онлайн платформасы іске қосылғанын атап өтті. Сонымен бірге кандидаттардың үгіт насихат құралдарын орналастыру үшін облыс бойынша 466 орын, үгіттік-баспа материалдарына 268 орын және сайлаушылармен кездесуге 169 орын белгіленгенін тілге тиек етті.
Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтановтың айтуынша, аймақта 516 сайлау комиссиясы жұмыс жасайды. Оған барлығы 3382 комиссия мүшесі тартылған.
Қызылорда облысы бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 522 кандидат тіркелді. Талапқа сай емес 5 азаматтың, партиялық тізімнен өз өтініші негізінде 1 адамның кандидаттығы алынды. Қазіргі таңда 516 кандидат тіркеуден өтті.
Оның ішінде: ҚР Парламенті Мәжілісіне 10 кандидат, облыстық мәслихатқа 49 кандидат, қалалық мәслихаттарға 81 кандидат, аудандық мәслихаттарға 311 кандидат тіркелген.
Облыстық мәслихатқа партиялық тізім бойынша 6 партиядан 65 кандидат тіркелді. («AMANAT» - 34, Ақ жол – 13, «Ауыл» - 4, «ҚХП» - 4, «Байтақ» - 3, «Республика» - 7 азамат).
Жиында Әділбек Ерсұлтанов орташа алғанда бір мандатқа 3,3 адам тіркелгенін атап өтті. Ең үлкен бәсекелестік 6 округте Қызылорда қаласы мен Арал, Жаңақорған аудандарында 5 адамнан келеді.
Тіркелген кандидаттардың ішінде 433-і ер, 83-і әйел адам. Ең жас кандидат 21 жаста, ең ересегі 66 жаста.
Жиын соңында ОСК Төрағасы өңірдегі сайлау процесінің барлық қатысушыларын заң талаптарына сәйкес ашық әрі әділ сайлау өткізуге шақырды.
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы