Президент Газаға қатысты бейбіт келісімді қолдайтынын мәлімдеді

2 274

Фото: АқордаПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер барысында қол жеткізілген Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Мемлекет басшысы Мысыр, Қатар, Түркия елдерінің араағайындық қызметі табысты болғанын, сондай-ақ Таяу Шығыста бейбітшілік орнату жөніндегі келіссөздерге Президент Дональд Трамп бастаған АҚШ тарапының ерекше үлес қосқанын атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Палестинаның радикалды ХАМАС қозғалысы өкілдері бейбіт жоспардың бірінші кезеңі бойынша келісімдерге қол қойғанын хабарлаған болатын.

ХАМАС Газадағы атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілгенін растады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.