Тоқаев Жапония премьер-министрінің арнаулы кеңесшісін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрінің арнаулы кеңесшісі Акихиса Нагашиманы қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Президент Жапония премьер-министрінің арнаулы кеңесшісі, Парламент Өкілдер палатасының депутаты Акихиса Нагашиманы қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық байланыстарды кеңейтуге айтарлықтай әлеует бар екеніне тоқталды. Президент Қазақстан экономикасына тартылған жапон инвестициясының көлемі 8 миллиард доллардан асқанын айтты. Сондай-ақ еліміздің шетелдік инвесторларға, соның ішінде Жапонияның озық компанияларына қолайлы жағдай жасауға дайын екенін атап өтті.