Сайлаудың нәтижелері белгілі болды

2 217

19 наурызда елімізде өткен Мәжіліс және мәслихат сайлауының алғашқы exit poll нәтижесі белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Орталық  сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың мәліметінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 22.00-дегі жағдай бойынша өңірлер бойынша дауыс беру нәтижелері мынадай:


1. Абай облысы бойынша – 57,2%

2. Ақмола облысы бойынша – 60,1%

3. Ақтөбе облысы бойынша – 58%

4. Алматы облысы бойынша – 60,3%

5. Атырау облысы бойынша – 51,23%

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,20%

7. Жамбыл облысы бойынша – 65,21%

8. Жетісу облысы бойынша – 55,32%

9. Қарағанды облысы бойынша – 59,48%

10. Қостанай облысы бойынша – 65,10%

11. Қызылорда облысы бойынша – 67,21%

12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,10%

13. Павлодар облысы бойынша – 58,68%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%

15. Түркістан облысы бойынша – 53,1%

16. Ұлытау облысы бойынша – 58,99%

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%

18. Астана қаласы бойынша – 42,91%

19. Алматы қаласы бойынша – 25,82%

20. Шымкент қаласы бойынша – 45,46%


Аумақтық комиссиялардың ақпаратына сәйкес, Астана уақытымен сағат 22.00-де тізімдерге енгізілген 12 млн  35 мың 578 азаматтың 6 млн 521мың  860-ы бюллетень алды. Бұл дауыс беру тізіміне енгізілген сайлаушылардың 54,19 пайызын құрайды, – деді Константин Петров.



Ал "Еуразиялық интеграция" институты жүргізген сауалнама қорытындысы "Сайлау-2023" онлайн марафоны кезінде жарияланды. Бұл туралы Департаменттің жетекші сарапшысы Әйгерім Ергенболатқызы мәлімдеді.


Exit poll келесідей нәтиже көрсеткіштерін ұсынады:

Amanat партиясы - 53,46 пайыз;

"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы - 10,52 пайыз;

Respublica партиясы - 8,9 пайыз;

Қазақстан халық партиясы - 6,25 пайыз;

"Байтақ" жасылдар партиясы - 3,22 пайыз;

Қазақстанның "Ақжол" демократиялық партиясы - 7,87 пайыз;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 5,31 пайыз;

"Бәріне қарсымын" - 4,47 пайыз.

Қазақстанда 19 наурызда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті.


Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы Мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді.

Сайлаушылардың ең көбі Қызылорда облысында (65,70 пайыз), ал ең азы Алматыда (22,95 пайыз) дауыс берген.


19 наурыз 19:00-дегі жағдай бойынша шет елдерде 11 учаскелік сайлау комиссиясы (Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта және Ханой) жұмысын аяқтады және 5 071-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс берді, бұл - 41,8 пайыз.