Экс министр Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылып, жаңа қызметке тағайындалды

416
Президенттің жарлығымен ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылып,жаңа қызметке тағайындалды , деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев ішкі істер министрі  қызметіне 2019 жылы ақпан айында тағайындалды. Бұған дейін алты жыл бойы министрдің орынбасары болды. Тергеу комитетінің төрағасы, сондай-ақ Алматы қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменттерін басқарды.

Көп ұзамай Президенттің жарлығымен экс-министр жаңа қызметке тағайындалды.

"Мемлекет басшысының өкімі бойынша Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген жарлықта.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.