Мемлекет басшысы Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

1 549

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай елдің Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдап, ізгі тілектерін жеткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

 

Президент Қазақстан мен Үндістанды ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестік қатынастар байланыстыратынын атап өтіп, екі елдің мүддесі үшін көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты.

 

Мемлекет басшысы Нарендра Модидің барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.