Ресей мен Украина арасындағы келіссөздің уақыты белгілі болды

338
Ресей мен Украина делегациясының Беларусьтегі кездесуі дүйсенбіде, 28 ақпанда таңертең басталуы мүмкін, себебі Киев өкілдері республикаға Польша жақтан келуді шешкен,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агентігі.

Бұл туралы РИА Новости агенттігіне саясаткер Юрий Воскресенский айтты.

"Келіссөздер таңертең өтеді, себебі украиналық делегация түзу жолмен емес, Гомель және Польша арқылы "Варшава көпірі" бекетін өтіп келеді. Олар айналып келе жатыр", - деді саясаткер

Воскресенскийдің айтуынша, украиналық делегация құрамында 4-5 адам бар: СІМ басшысының орынбасары, әскери және саяси өкілдер, сондай-ақ "Слуга народа" фракциясының басшысы Давид Арахимия бар.