Архимед Мұхамбетов Қостанай облысындағы 6 қала мен аудан әкімін бір уақытта ауыстырды

352

Фото: Қостанай облысының әкіміҚостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бірден алты қала мен ауданның жаңа басшыларын тағайындады. 
Бұл туралы өңір басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
 "Бүгін қала мен аудан мәслихаттарының депутаттарымен келісе отырып, өз өкімімен келесі кадрлық өзгерістер енгізідiм.

 Арқалық қаласының әкімі болып Асанов Әмірхан Біркенұлы, Лисаков қаласының әкімі Ыбраев Абай Сәрсембайұлы тағайындалды. 

Одан әрі Амангелді ауданының әкімі Карбозов Талғат Тойшыбекұлы, Жітіқара ауданының әкімі Утегенов Нұржан Қайыржанұлы, Қарабалық ауданының әкімі Халықов Руслан Болатұлы, Науырзым ауданының әкімі Әбішев Қайрат Тынымбайұлы болып тағайындалды. 
Жаңа әкімдердің алдына өңірлерді одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде бірқатар міндеттерді қойдым.

 Әкімдерге жаңа қызметінде сәттілік тілеймін!", - деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов . 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.