"КСРО-ға оралғымыз келмейді"

268
Киев мэрі Виталий Кличко Euronews-ке берген сұхбатында украиналықтар еуропалық отбасының мүшесі болғысы келетінін және "КСРО-ға оралғысы келмейтінін" айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Телеарна журналисі кейінгі апталарда Украинаға жоғары лауазымды тұлғалар мен әлемдік көшбасшылар келгенін еске салды. Олардың ішінде Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен бар, ол Украинаны Еуропа Одағына қабылдау процесін жеделдетуге уәде берген болатын.

"Бұл бір нәрсені өзгертті ме? Украина Еуропа Одағының мүшесі болса, бұл көмектесе алар ма еді" - деп сұрады ол.


"Украиналықтар демократиялық ел ретінде еуропалық отбасының бір бөлігі болғымыз келеді, бірақ Ресей Федерациясы біздің тілегімізді мойындамайды. Жасыратыны жоқ, Путин қайта Кеңес империясын құрғысы келеді. Сондықтан ол біздің еуропалық отбасының мүшесі болуымызға қарсы. Адам құқықтары - біздің басымдығымыз, демократия мен еуропалық стандарттар - біздің мақсаттарымыз. Біз бұған дейін КСРО-да болдық және КСРО-ға оралғымыз келмейді. Путин біздің тілегімізді мойындамайды", - деп жауап берді Кличко.