Жамбылдағы жарылыс: Мемлекет басшысы жеті құтқарушыны «Айбын» орденімен марапаттады

346
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы оқиғаға байланысты қаза тапқан құтқарушыларды І және ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:  
 І дәрежелі «Айбын» орденімен Әлімбеков Саят Жанатұлы (марқұм)    –    Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы


Заикин Сергей Владимирович (марқұм)  –    Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы  
Қырғызәлиев Ерлан Рысқұлбекұлы (марқұм)  –    Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері;  

 
ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Әділбек Әділет    Қанатбекұлы (марқұм)  –   Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы  

 
Кеңес Әліби Бексұлтанұлы (марқұм)  –   Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы  


Қуатбек Ғафан Жомартұлы (марқұм)  –   Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері  


 Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы (марқұм)  – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  өрт сөндірушісі-құтқарушысы.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.