Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

507
Алмаз Ыдырысов Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  үкімет ресми сайтында сілтеме жасап.  

Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2003 жылы жол жұмысшысы болып бастады.

 2005-2006 жылдары "Қазақавтожол" ЖШС техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы болды.

 2006-2014 жылдары Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында қызмет етті. 

2014-2016 жылдары "Қазавтожол" АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары болып жұмыс істеді.   

2016-2019 жылдары Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды. 

2019-2022 жылдары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары – Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары болып жұмыс істеді. 

2022 жылдың сәуірінен бастап бүгінге дейін ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы – Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болды.  
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.