«Конституциядан орыс тілін алып тастаудың қажеті жоқ» – Қошанов

281
Елде Конституциядағы орыс тілінің мәртебесін алып тастау туралы халық петиция жариялаған. Бұған қатысты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пікір білдірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Петицияны бастамашыл топ жариялаған шығар, халық жариялады деп айтуға болмас. Мен сіздерге қарсы сұрақ қояр едім: қазақ тілін одан ары дамыту маңызды ма, әлде орыс тілін алып тастаған маңызды ма? Менің ойымша, қазақ тілін дамытуға акцент беруіміз керек. Оны қалай дамытамыз? Журналистердің бәрі тек қазақ тілінде сөйлесе ме? Шынын айтайын, депутаттардың бәрі бірдей қазақ тілінде сөйлемейді. Сондықтан қазақтар қазақ тілінде сөйлесіп, өзге ұлт өкілдерін қазақша сөйлеуге тарту керек. Бірінші мәселе – осы. Ал біз көпұлтты мемлекетпіз ғой. Олар бір-бірімен сөйлесуі үшін орыс тілі қажет. Бүгінде Конституциядан орыс тілін алып тастаудың қажеті жоқ деп есептеймін», – деді Қошанов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.