Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды

478
Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Opennews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымынан босатылсын", - делінген Президент Жарлығында.

Аймаққа 3 жылдан бері Серікбай Тұрымов жетекшілік етіп келген еді. 57 жастағы шенеунік бұл міндетке 2019 жылдың 12 маусымында кіріскен. 

Айта кетейік, Нұрлан Ноғаев 2019 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасының энергетика министрі болып тағайындалған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.