Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтерінің басшылары келіссөздер жүргізді

215

Фото: Ақорда прессШолпан-Атаға жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровпен екіжақты келіссөз жүргізді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Кездесу басында Әлихан Смайылов Ресей Федерациясының Ульянов облысында Қырғызстан азаматтарының көлік апатына ұшырап, қаза болуына байланысты көңіл айтты.


« Осындай ауыр кезде қайғыларыңызға ортақпын, зардап шеккендердің тез сауығып кетуін тілеймін. Қазақстан Президенті және өз атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға және жалпы бауырлас қырғыз халқына көңіл айтамын», — деді Премьер-Министр



Үкімет басшысы Қырғыз Республикасының бауырлас ел, сондай-ақ Қазақстанның өңірдегі негізгі саяси және экономикалық әріптестерінің бірі екенін атап өтті.
 

«Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша табысты өзара іс-қимыл жолға қойылған», — деді Әлихан Смайылов

Премьер-Министр осы жылдың наурыз және мамыр айларында өткен мемлекет басшыларының кездесулері барысында екіжақты стратегиялық әріптестіктің алдағы бағыттары айқындалғанын еске салды.


«Біздің негізгі мақсатымыз – мемлекет басшылары қойған міндеттерді толық жүзеге асыру және қазақ-қырғыз ынтымақтастығын одан әрі нығайту. Атап айтқанда, өзара сауда көлемін 2 миллиард долларға дейін ұлғайту», — деді Әлихан Смайылов


Кездесу барысында тараптар бірлескен индустриялық сауда-логистикалық кешен салу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, су-энергетика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін және т.б. талқылады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.