АҚШ Украинамен табиғи ресурстар бойынша келісімге қол қоюдан бас тартты
Американың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолц 11 наурызда Сауд Арабияның Джидда қаласында өткен кездесуде Украинамен сирек кездесетін металдар жөніндегі келісімге қол қоюды кейінге қалдырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алайда америкалық делегация келісімді бірден толыққанды құжат ретінде талқылауды ұсынған. Алдын ала келісімге қол қоймау мәселесі де көтерілген. Дегенмен бұл ұсыныс Украина делегациясын қанағаттандырмады деп жазды басылым.
11 наурызда Джиддада Украина мен АҚШ делегациялары арасында келіссөздер өтті. Оның қорытындысы бойынша АҚШ әкімшілігі атысты дереу тоқтатуға шақырды. Украина президенті кеңсесі Киев пен Вашингтонның бірлескен мәлімдемесін жариялады. Онда Киевтің АҚШ-тың 30 күнге атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдауға дайын екені айтылған.
Бұл мерзім екі тараптың келісімімен ұзартылуы мүмкін. Сонымен қатар құжатта АҚШ-тың барлау мәліметтерін алмасу бойынша кідірісті дереу жойып, Украинаға әскери жеткізілімдерді қайта бастайтыны көрсетілген.