Қазақстан Президенті ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

446

Фото: Ақорда прессҚасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Армения Республикасының ұсынысымен өткен отырыс бейнебайланыс режимінде өтті.

Сонымен қатар саммитке Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович, ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков қатысты.

Мемлекеттер басшылары әзербайжан-армян мемлекеттік шекарасында болған оқиғаларға қатысты Армения Премьер-министрінің мәліметін тыңдады.


Қазақстан Президенті сессияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде қақтығысты тек саяси-дипломатиялық жолдармен шешу қажет екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды тұрақтандыру үшін мүмкін болған барлық шараны қабылдауға, күштік құрылымдарды пайдаланудан бас тартуға, шұғыл түрде келіссөз жүргізуге шақырды.
 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.