Мемлекет басшысы Атырау облысының жұртшылығымен кездесті

396
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысына жұмыс сапары басталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

"Бүгін сіздермен шежіресі бай, қазынасы мол Атырау жерінде кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Қойнауы қара алтынға толы бұл аймақ еліміздің экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда. Ақ Жайықтың атырабы әрдайым Қазақстанның экономикалық тірегі болып келеді. Шын мәнінде, тәуелсіз ел ретінде аяққа нық тұруымызға Атырау тұрғындарының рөлі маңызды болды", - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының сөзінше, бүгінде мұнайдың бағасы едәуір жоғары тұр. Осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын мұнайдың бағасы 10-15 доллар еді. Ірі кен орындары игерілмеген, заманауи технология келе қоймаған шақ болатын.