Министрлер облыс орталықтарына ғана емес, ауылдарға да баруы керек – Үкімет отырысы

429

 Фото: pixabay.comБүгін Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров мемлекеттік орган басшылары халықпен кездесуі кезінде қандай талаптарды орындауы керек екенін айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Біріншіден, мемлекеттік органдар кездесу өткізу кезінде Жарлықтың барлық талаптарын сақтап, Кестеде бекітілген мерзімдерді ұстанып, Әдістемелік ұсынымдарды орындауы керек. Екіншіден, облыс орталықтарына шығумен шектелмей, аудандарға, ауылдар мен кенттерге, шалғайдағы елді мекендерге баруды да ұмытпау керек. Министрліктер облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мәселелерді тіркеп, шешуге мүдделі екенін халыққа түсіндіру маңызды», - деді А. Омаров.


Бұдан бұрын хабарланғандай, Президенттің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулер өткізу туралы» Жарлығы қабылданды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет басшысы кейбір өңірлерде басшылар халықпен кездесудің жаңа форматына бейімделмей, ескі сүрлеуден шыға алмай отырғанын сынады.

Үкімет отырысында биылдан бастап орталық және жергілікті атқарушы орган басшыларының өңірлерге барып, халықпен жүзбе-жүз кездесу өткізудің жаңа тәртібі жүзеге асырылып жатқаны 
айтылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.