Жигули Дайрабаев партиядағы қызметінен босатылды

2 577

Фото: facebook.com/Жигули ДайрабаевМәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі партияның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Ауыл" партиясының ресми сайтындағы "Хабарландыру" бөлімінде партияның саяси кеңесі төралқасының соңғы отырысының қорытындысы бойынша екі құжат жарияланды. Отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші қаралған мәселе – Ақтөбе өңірлік филиалының партия жарғысын өрескел бұзуы. Екінші мәселе партия төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаевты қызметінен босатуға қатысты болды. 

"Төралқа мүшелері бұл шешімге бірауыздан дауыс берді", - делінген партияның баспасөз хабарламасында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.