Түркия президентті Тоқаевты Анкара әуежайында қарсы алды

2 263

Ақорда баспасөз қызметі28 шілде, дүйсенбі күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Түркия астанасы Анкара қаласына келді. Мемлекет басшысын Анкарадағы Эсенбоға халықаралық әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның өзі қарсы алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Президент құрметіне ұшақ трапында құрметті қарауыл сап түзеді.

Айта кететіні, Ердоғанның шетелдік мемлекет басшыларын әуежайда өзі қарсы алуы сирек жағдай. Мұндай ерекше құрмет тек бауырлас, әрі, достас елдердің көшбасшыларына ғана көрсетіледі.
Сапар барысында Қазақстан мен Түркия президенттері екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.