Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Италияға барды

2 512

Фото: ашық дерек көзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстан президентін Рим әуежайынан Италияның қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды. Ақорда баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Италия президенті Серджо Маттарелламен, премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.

Сонымен қатар Тоқаев "Қазақстан-Италия" инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Қазақстан президенті қаңтардың 19-ы Ватиканда Рим папасы Францискпен кездеседі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.