Түркияның президент сайлауында Ердоғанның жеңіске жетуі үшін 0,7% дауыс жетпеді
1 771
Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған президенттік сайлаудағы дауыстарды санау кезінде жәшіктердің 100% ашқаннан кейін 49,35% дауыс жинағаны белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі TRT арнасына сілтеме жасап.
Ал оппозицияның атынан түскен кандидат Кемал Кылычдароғлы 45% дауыс жинаған. Үшінші орынды "Ата" альянсының атынан түскен Синан Оған (5,22%) иеленді. Кандидаттығын алып тастаған Мухаррем Инже 0,43% дауыс алды, Түркияның Орталық сайлау комиссиясы оларды жарамды деп санаған.
Еске салайық, бұған дейін президенттікке ұсынылғандардың ешқайсысы 50% дауыс жинай алмағандықтан, екінші тур өтетіні белгілі болған. Дауыс беру 28 мамырда өтеді.
Anadolu Agency басылымының мәліметінше сайлауда барлығы 96,15% дауыс жиналған. Ал қазіргі президент Реджеп Тайып Ердоғанға сайлаушылардың 49,42%-ы дауыс берсе, оның басты қарсыласы Кемаль Кылычдароглу 44,88% дауыс жинады.
Дегенмен Анкарада дауыс беру қорытындысы енді жарияланады.
Қазір елде президент сайлауымен қатар парламент сайлауы да өтіп жатыр. Дауыс берудің алдын ала қорытындысына сәйкес басқарушы "Әділдік және даму партиясы" 49,47%, оппозициялық "Республикалық халық партиясы" 34,09% дауыс жинады.