Қостанай әкімдігі Путиннің келуіне 11 млрд теңге жұмсамақ

77

Қостанай әкімдігі Ресей президенті Владимир Путинді күтіп алуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 1612info парақшасына сілтеме жасап.


Қостанайда күзде Ресей және Қазақстанның өңіраралық форумы өтеді. Оған Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келеді деп күтілуде. Бұл шараға қалада дайындық басталып кеткен. Көшелерге асфальт төселіп, ағаштар отырғызылып жатыр. Басты шаруалар алда күтіп тұр.


Қостанай әкімдігі өңіраралық форумға 11 миллиард теңге бөлгені айтылған. Бұл қаражатқа субұрқақтар жаңартылып, салынады, көше жарығы жаңартылады, Башқұртстаннан әкелінетін ағаштар отырызылады, тас төсеуіштер ауыстырылады, мәрмәр сауыттар орнатылады. Бұл жұмыстар қаланың барлық жерінде емес, Ресей делегациясы өтетін жерлерде жүргізіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.