Референдум кезінде қазақстандықтардың тіркелген жері онлайн режимде тексеріледі
Орталық референдум комиссиясының бірлескен қаулысы және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бұйрығы жарияланды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Құжатта комиссия мүшелері азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуін тексеру үшін онлайн сервисті пайдаланады делінген. Егер олар референдумға қатысушылар тізімінен өздерін таппаса, өтініш беру арқылы дауыс береді.
Ол үшін комиссияға тізімге енгізу туралы жазбаша өтініш қажет. Содан кейін комиссия өтініш негізінде тұрғылықты жері бойынша азаматты тіркеу туралы мәліметтерді онлайн сервис арқылы тексереді. Ол үшін комиссия мүшесі:
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) арқылы "электронды үкімет" порталында авторландырудан өтеді;
логин/пароль және электронды цифрлық қолтаңба арқылы "электронды үкімет" порталына кіреді;
өтініш берушінің ЖСН енгізеді және оның тұрақты тіркелген жері бойынша мекенжай мәліметтері туралы ақпаратпен танысады.
Егер адамның тұрақты тіркеуі туралы мәліметтер расталса, онда учаскелік комиссия оны референдумға қатысушылар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, онлайн-сервис арқылы алынған мәліметтер референдумға қатысушылардың тізіміне қосу (қоспау) үшін негіздерді қарау кезінде пайдаланылады.
Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша Референдум 15- ші наурызда өтеді. Ел азаматтары бюллетеньде бір ғана сұраққа жауап беруі керек, ол – "Сіз 2026 жылғы 12- ші ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?".







