Қазақстанда қалаларды дамыту бойынша ұлттық стандарттар сериясы әзірленуде
Стандарттар Тұрақты даму мақсаттарын және «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру үшін әзірленді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
3 стандарттың әзірлеушісі ҚР СИМ ТРМК Қазақстан стандарттау және метрология институты болып табылады:
- ҚР СТ ISO 37120 «Қауымдастықтың тұрақты дамуы. Қалалық қызметтер мен өмір сапасының көрсеткіштері»;
- ҚР СТ ISO 37122 «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар. Ақылды қалалардың көрсеткіштері»;
- ҚР СТ ISO 37123 «Қалалар мен қауымдастықтардың тұрақты дамуы. Тіршілікке төзімді қалаларға арналған көрсеткіштер».
Қалалық қызметтер деп келесі салаларды қамтитын қала ұсынатын қызметтер түсініледі:
- тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, қоқыс шығару және қайта өңдеу;
- қоғамдық қауіпсіздік;
- өрт күзеті;
- жолдар және қозғалыс;
- демалыс;
- рұқсаттар мен лицензиялар;
- жоспарлау;
- құрылыс;
- қала ғимараттарын жалға беру және қызмет көрсету;
- сумен жабдықтау, су бұру және кәріз жүйелері, сондай-ақ мүлік салығы мен коммуналдық төлемдер.
Бүгінгі таңда ҚазСтандарт Q88 Қазақстанның урбанистер қауымдастығымен бірлесіп, қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумға және урбанистика саласында ҚР ұлттық стандарттарын енгізу/қолдану жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес өзара іс-қимыл бойынша жұмыстар жүргізуде.
Ағымдағы жылдың соңына дейін 340 стандарт әзірленетінін, оның ішінде 131 стандартты 22 ТК сарапшылары әзірлейтінін (2021 жылы 8 ТК сарапшылары тартылды) естеріңізге саламыз.
ҚР-да қолданыстағы ұлттық стандарттар http://shop.ksm.kz/ интернет-дүкенінде тегін қолжетімді.