СІМ Ресеймен қақтығыс аймағындағы қазақстандықтарды елге қайтару бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

2 505

Фото: Unsplash: Дастан ШанайҚазақстанның Сыртқы істер министрлігі қақтығыс жүріп жатқан аймақта жүрген қазақстандықтарды елге қайтару мәселесі бойынша жұмысын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Министрліктің жедел желісіне азаматтардан өтініштер әлі де түсіп жатыр. Олардың әрқайсысы бойынша ақпарат тексеріледі.

— Тексеру аяқталғаннан кейін жасақталған тізім Ресей тарапына жолданады, — деп хабарлады ҚР СІМ.

Ведомство әлеуметтік желілерде бейнеүндеу жариялаған Қазақстан азаматтарына қатысты қажетті шаралар қабылданып жатқанын да атап өтті.

— Оларды елге қайтару бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр, — делінген министрлік хабарламасында.

ҚР СІМ бұл мәселе бойынша Ресей тарапымен түрлі деңгейде тұрақты байланыс орнатып отыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.