Тоқаев қазақстандық еріктілерге қолдау көрсететінін айтты

2 514

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық еріктілер күнімен құттықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Бүгін – Халықаралық еріктілер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді", - делінген мемлекет басшысының құттықтауында.

Тоқаевтың айтуынша, осы мызғымас құндылықтар – "Адал азамат" тұжырымдамасының тірегі.

"Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі", - деп атап өтті президент.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.