Мемлекет басшысы Алтай Көлгіновті қызметінен босатты
Тоқаевтың қаулысымен Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", – делінген Ақорда хабарламасында.
Алтай Көлгінов бұл лауазымға 2022 жылдың 9 желтоқсанында тағайындалған. Оған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы, БҚО әкімінің орынбасары, Орал қаласының әкімі, Батыс Қазақстан облысының әкімі болған. Ал 2019 жылдың маусым айынан бері Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.
Қаз
Рус






