Әлихан Смайылов ауылға бөлінген қаржыны игермеген өңірлерді сынға алды

1 323

Үкімет отырысында «Ауыл – ел бесігі» жобасына бөлінген қаржыны уақтылы игермеген өңір басшылары сын астында қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Өткен жылы Ұлытау облысының Атасу, Бидайық, Бостұмсық және Сарысу ауылдарында медицина мекемелерінің құрылысына қажетті қаражат толығымен бөлінген болатын. Алайда, құрылыс жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмаған.


СҚО-ның Мүсірепов атындағы ауданда ұзындығы 53,5 шақырым болатын жол құрылысы былтыр біту керек еді. Бірақ, жоспарланған көлемнен небәрі 26,5 шақырым жол пайдалануға берілген. Демек, жоспардың 50% әлі күнге орындалмай отыр», - деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.


Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, өңірлерде қаражатты тиімді пайдалану өте маңызды.


«Бір ауданда бірнеше жоба іске асырылып, басқа ауданда бірде-бір жоба іске асырылмайтын жағдайлар болмауы керек», - дейді ол.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.