Телеарнадан Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбаты көрсетіледі

285
"Qazaqstan" телеарнасынан Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы сұхбатына негізделген "Nur-Sultan. Қолтаңба" деректі фильмі шығады. Елбасы сұхбатында елорданың өткені мен болашағы туралы сауалдарға жауап берд

"Ел астанасын орталыққа көшіру туралы шешімді қабылдау оңай болған жоқ. Көпшілік қарсы болды. Республика астанасы ретінде қарастырған қалалар тізімінде Алматы, Ақтөбе, өзім жиырма жыл қызмет еткен Қарағанды бар еді. Бірақ қазіргі шешіміме өкінбеймін. Астана елдің басын біріктірген үлкен шаһарға айналды. Жоспар бойынша 500-600 мың тұрғыны бар әкімшілік қала болуы тиіс еді, бірақ қаланың өмірін тоқтатуға болмайтынын түсіндік", - деді Елбасы журналист Ләззат Танысбайға берген сұхбатында. 


Сұхбатта Елбасы саяси тәуекелдерге бару себептерін, сонымен бірге елорда халқының болашақтағы шекті саны, келешекте қала тұрғындарына жасалатын игіліктер мен қала құрылысына қатысты жаңа жоспарлар туралы баяндайды. 


Жобада қазақстандық сәулетшілер, қаладағы ерекше нысандарды салуға атсалысқан Аманжол Чиканаев, Серік Рустамбеков, Байғұтты Тортаев, британиялық архитектор Норман Фостердің сұхбаттары бар.


 Деректі фильм 5 шілде күні сағат 20:00-де эфирге шығады. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.