Қытайлық инвесторлар Батыс Қазақстан облысынан 100 га жер сұрап отыр
Олар аймақта ақбөкен етін өңдейтін зауыт ашпақшы, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Adyrna.kz-ке сілтеме жасап.
Олар телімді жалға алу арқылы аймақта ақбөкен етін өңдейтін зауыт ашпақшы. Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиев мәлімдеген.
Аймақ басшысы қытайлықтардың әкімдікке шамамен екі ай бұрын жүгінгенін мәлімдеді.
Әкім бұл мәселенің келіссөздер сатысында екенін атап өтті.
Бұған дейін қытайлық инвесторларға Ұлытау облысынан 20 мың гектар жер телімі бөлінгені айтылған еді. Қазан айында Sinohydro, ТехноГруппСервис компаниялары және Ұлытау облысының әкімдігі арасында үш жақты меморандумға қол қойылған. Рәсім барысында жоспарланған жобалардың 2060 жылға дейін Қазақстанда көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге бағытталғаны айтылды.