Ресейліктер Қазақстанның үш қаласында жылу электр орталығын салмақ
"Қазақстан Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстанның аумағында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жылу электр орталықтарын салу жобалары туралы келісімге қол қою туралы" Үкімет қаулысының жобасы әзірленді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Келісім тараптардың ынтымақтастық шарттарын Қазақстан Республикасының аумағында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жылу электр орталықтарын салу жобаларын іске асыру бойынша, жобалау, дайындау бойынша жұмыстарды орындауды қоса алғанда жобалардың әрқайсысы үшін талап етілетін және келісілген көлемде, сондай-ақ жеңілдікті қаржыландыруды немесе мемлекеттік экспорттық кредитті ұйымдастыру бойынша барлық талап етілетін жобалармен жүйелермен, ғимараттармен және құрылыстармен жаңа электр станцияларын салу және пайдалануға беру бойынша айқындайды.
Жобаларды іске асыруға жауапты уәкілетті ұйымдар:
Қазақстандық тараптан – тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыратын "Самұрық-Энерго" АҚ;
Ресей тарапынан - Бас мердігердің функциял арын жүзеге асыратын "Интер РАО" компаниялар тобына кіретін және өзінің қосалқы мердігерлері ретінде тиісті ұйымдарды тартуға құқылыосы Келісім шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестік "Интер РАО - Экспорт".
Жобалар келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:
1 кезең – электр станцияларын кейіннен қатты отыннан табиғи газға ауыстыру мүмкіндігін ескере отырып, жобалардың әрқайсысы бойынша қажетті сараптамалар жүргізе отырып, жобалау құжаттамасын әзірлеу;
2 кезең – жұмыс құжаттамасын әзірлеу, жабдықтар мен материалдарды жеткізуді жүзеге асыру, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын орындау, осы Келісімге қол қойылған күні Ресей Федерациясының аумағында қолданыстағы нормалардың талаптарына сәйкес қазандық қондырғыларының экологиялық көрсеткіштерін қамтамасыз ете отырып, генерациялайтын жабдыққа қатысты қызметтер көрсету;
3 кезең – жұмыс құжаттамасын әзірлеу, жабдықтар мен материалдарды жеткізуді жүзеге асыру, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын орындау, Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормалардың талаптарына сәйкес электр станцияларының экологиялық көрсеткіштерін қамтамасыз ете отырып, газ тазарту жүйесіне қатысты қызметтер көрсету, оларды қазақстандық тарап жобаларға қатысты мерзімдерде айқындайтын және ұсынатын болады.
Жаңа электр станциялары іске қосылғаннан кейін тапсырыс беруші электр станцияларын пайдалануды және оларды пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес (егер басқа пайдаланушы ұйымды қазақстандық тарап белгілемесе) техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Келісім энергетикалық қауіпсіздікті сақтауға және ел экономикасы мен халқын сенімді электрмен жабдықтауға бағытталған.
Қаулы жобасы 28 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Нормативтiк құқықтық актiлер" сайтында орналастырылған.