Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірнеше ұжым бейнеүндеу жолдады

308
Маңғыстау облысында бірнеше компанияның ұжымы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, жалақыны көтеруді талап етті.

Басылым дерегінше, Жаңаөзен қаласындағы "Oilfield equipment and service" (OES) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Ақтау мұнай сервистік компаниясы" қызметкерлері еңбек келісімшартын беруді, соныме қатар, жалақыны 100 пайызға көтеруді талап етіп отыр.


 "Үшінші талабымыз – жылына екі рет Тәуелсіздік күніне және Мұнайшылар күніне сыйақы төлесін, төртінші талабымыз – аймақтық коэффицент, бесінші талабымыз – жыл соңында 13-еңбекақы. Талап етеміз! Осы талап орындалмайынша жұмысты тоқтатамыз", - дейді жұмысшылар. 


"Ақтау мұнай сервистік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақтау қаласындағы ұжымы да әріптестерін қолдады.


 Одан бөлек, Жаңаөзен қаласындағы еден жуушылар мен вахтерлар да жалақыны көтеруді талап етті. 


"Жұмысшылардың 70-80 пайызы – жалғызбасты аналар мен жағдайы төмен отбасылар. Басым бөлігі – көпбалалы аналар. Олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырғандар да бар. Жұмысшылар басқа құрылымдық нысандарда жұмыс істейді. Түскі ас ішуге қалаға келуге мүмкіндік жоқ. Нысандарда мұнайшылармен қатар зиянды радиация жұтып, еңбек етеді. Бірақ түскі асқа сүт те бөлінбейді. Зияндылық коэффиценті де қарастырылмаған", - дейді жұмысшы әйелдер. 


Олардың сөзінше, өңірде азық-түліктің бағасы қымбат. Сол себепті жалақы күнкөріске әрең жетеді.