Желіде танымал болған азамат әкім болып сайланды

371
Ақмола облысы Ерейментау әкіміне үміткердің сұхбат берген сәтінен видео Қазнетте мемге айналып үлгерген болатын. Сапар Барлыбаев сұхбат барысында сөзден жаңылып, тұрғындарға "өз өмірін жақсы жаққа өзгертуге" уәде берген болатын. Десе де бұл жайта оның сайлауда жеңіске жетуіне кедергі болмады. Аймақтық сайлау комиссиясы оның жеңіске жеткенін растап отыр.

Сапар Барлыбаев "Хабар 24" телеарнасындағы "Әкімдер" бағдарламасының жүргізушісі Асхат Ниязовпен сұхбат барысында сөзінен жаңылып қалады. 


"Егер бәріміз бірге дұрыс таңдау жасасақ - маған дауыс берсеңіздер, мен өз өмірімді жақсы жаққа өзгертуге тырысамын", - деді ол. 


Оның сөздері желі қолданушылары назарынан тыс қалмады. Көбі бұл оқиғаға әзілмен жауап беріп, Сапар Барлыбаевты "ең адал үміткер" деп атады. Қазнетте бұл жайтқа қатысты мемдер де пайда болды. 


Белгілі болғандай, 45 жастағы азамат сайлауда жеңіске жеткен екен. Бұл ақпаратты Ерейментау ауданының аймақтық сайлау комиссиясы растады.
 "Иә, Сапар Барлыбаев Ерейментау әкімін сайлауда жеңіске жетті", - деді.