Мемлекет басшысы Қырғызстанға келді
841

"Мемлекет басшысын әуежайдан Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Қырғыз Республикасы Транспорт министрі Эркинбек Осоев, Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев қарсы алды", - делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Мемлекет басшысы 21 шілдеде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысады.

Жиында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық ахуалға байланысты өңірлік интеграцияның перспективаларын қарастырмақ.Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.