Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам президентін құттықтады

2 133

АқордаҚасым-Жомарт Тоқаев Президент То Ламды Вьетнам Социалистік Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстан Президенті өз жеделхатында Вьетнамның өркендеген мемлекет және үйлесімді қоғам құру жолында айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы екі ел арасында өзара сенім мен серіктестікке негізделген достық байланыс орнағанына тоқталды. Сонымен қатар елдеріміздің игілігі жолында нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілді екенін растады.


Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Вьетнам халқына бақ-береке тіледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.