Тоқаев ІІМ мен ҰҚК-де ауыс-түйіс жасады

2 130

Фото:akorda.kzҚасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде кадрлық ауыс-түйіс жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.


"Президент өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды", – делінген ақпаратта.


Бұған қоса, Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.


 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.