Ел шекарасын күзету барысында 632 құқық бұзушы ұсталды – ҰҚК төрағасы
396
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның осы айда атқарған қызметінің негізгі қорытындылары, алдағы кезеңге арналған міндеттері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы Жарлықты жүзеге асыру шаралары туралы есеп берілді.
Мемлекет басшысына берілген мәліметтерге сәйкес, атқарылған іс-шаралар нәтижесінде бірқатар халықаралық және аймақтық есірткі таситын жолдар жабылды, заңсыз айналымдағы 15 келіден астам психотроптық заттар мен 4 тонна прекурсор тәркіленді. Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатумен айналысқан қылмыстық топтардың әрекетінің жолы кесіліп, жасырын қоймалар анықталды.

"Ермек Сағымбаев Президентке ҰҚК органдарының халықаралық лаңкестікке қарсы іс-қимылдары, есірткі мен қару-жарақтың, соның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулардың заңсыз айналымына тосқауыл қоюға, мемлекеттік шекараларды нығайтуға бағытталған шаралар туралы баяндады," – делінген хабарламада.