Отандық өнім экспорты Қытай нарығын кеңейтпек

2 522

Фото:© ҚР СІМ баспасөз қызметіҚазақстан Қытайға сапалы отандық өнімдер экспортын ұлғайтпақ,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің бапасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, тараптар стратегиялық әріптестіктің жоғарғы деңгейін растап, өзара сауданың тұрақты оң динамикасын атап өтті: 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы рекордтық 48,7 млрд. долл. жеткен. Биыл өткізуге жоспарланып отырған ҚР – ҚХР Ынтымақтастық комитетінің сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің кезекті 14 - ші отырысына сапалы дайындық мәселесіне, сондай-ақ «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы аясындағы өзара іс-қимылдар мен инфрақұрылымдық жобалар бойынша ынтымақтастыққа ерекше назар бөлінген.

Ш.Нұрышев қазақ тарапының сапалы отандық өнімдерінің экспортын ұлғайтуға, өзара сауданы ынталандыра алатын бірлескен жобаларды дамытуға мүдделілігін, сондай-ақ «Қытайға экспорт» бастамасы аясындағы іс-шараларға белсенді қатысуға дайын екенін атап өткен. Тараптар биылға жоспарланған бірқатар бірлескен сауда-экономикалық іс-шаралар мен қол қоюға көзделген екіжақты құжаттардың дайындық мәселелерін талқыланған. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.