Тоқаев Трампты туған күнімен құттықтады

2 521

Фото: Ақорданың баспасөз қызметіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың 45-президенті Дональд Трампқа туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында Америка көшбасшысының жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған белсенді және прагматикалық қызметін жоғары бағалайтынын атап өтті».

Қазақстан Президенті АҚШ көшбасшысына екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға ұмтылысы үшін алғыс білдірді және Құрама Штаттармен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін растады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.