Ішкі істер министрлігінде кең ауқымды алқа жиыны ұйымдастырылды.

2 964

Фото: Gov.kzҚР Ішкі істер министрлігінде орталық аппарат қызметкерлері мен аумақтық бөлімшелер басшылары қатысқан кеңейтілген алқа отырысы өтті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Отырыс барысында ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жедел қызмет қорытындылары шығарылып, ел Президентінің құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларын іске асыру аясында басым міндеттер айқындалды.

Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің айтуынша, есепті кезеңде оң динамика байқалады. Тіркелген қылмыстардың жалпы саны 11%-ға төмендеген. Адам өлтіру, ауыр дене жарақатын келтіру, зорлау, қарақшылық, тонау, бұзақылық, ұрлық, мал ұрлығы және басқа да қылмыстардың саны азайғаны атап өтілді. Сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелердегі құқықбұзушылықтар деңгейінің төмендеуі тіркелді.

Оң нәтижелермен қатар, отырысқа қатысушылар бөліністердің қызметіндегі кемшіліктерді қарастырып, оларды жою жолдарын талқылады. Басшылар мен жеке құрам алдына «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету, құқықбұзушылықтардың алдын алуды күшейту, қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру, полиция жұмысының сервистік моделін енгізу және кадрлық әлеуетті нығайту бойынша нақты міндеттер қойылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.