Бектенов: Әкімдер барлық саланы тікелей бақылауға алуы тиіс

2 262

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметіӘкімдер тарапынан барлық саладағы жағдайдың тікелей бақылауға алынуы аса маңызды мәселе. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

- Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім өсімі 3,6 пайызды құрап отыр. Дегенмен, экономиканың орнықты өсуі үшін бірқатар бағытта, оның ішінде өнеркәсіп, сауда және көлік сияқты негізгі салаларда өсім қарқынын арттыра түсу керек. Өңдеу өнеркәсібіндегі ахуал басты назарда болуға тиіс. Жылдың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін барлық резервті пайдалану қажет, - деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр қабылданып жатқан шараларды іске асыру арқылы экономикалық өсім көрсеткіштеріне қол жеткізу жергілікті жерлерде қамтамасыз етілетінін айтты.

- Сондықтан әкімдер тарапынан барлық саладағы жағдайдың тікелей бақылауға алынуы аса маңызды мәселе. Негізгі макрокөрсеткіштер бойынша 11 өңірде оң динамика қалыптасты. Абай, Ұлытау және Атырау облыстары артта қалып отыр, - деді Олжас Бектенов.