Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Президентін Ақордада қарсы алды

2 517

Фото: Солтан Жексенбеков/KazinformМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоны Ақордада қарсы алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.


Осыдан кейін Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұранын орындады.


Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.


Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.


Сонан соң мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Құрметті қарауыл бастығымен қоштасты.


Қазіргі уақытта Мемлекет басшылары шағын құрамдағы кездесуге өтті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.