Мысырда қамауға алынған қазақстандық студенттерге Қазақстан Елшілігі көмек көрсетіп жатыр

2 233

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ KazinformҚР Сыртқы істер министрлігі Мысырға оқуға түсуге барып, қамауға алынған Қазақстан азаматтарына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

- Қазақстан Республикасының Мысырдағы Елшілігі қамауға алынған қазақстандықтарға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Жергілікті құқық қорғау органдарымен байланыс орнатып, мәселенің мән-жайын анықтап жатыр. Ресми жауап келіп түскен жағдайда, қамауға алынғандардың туысқандарына тиісті ақпарат жеткізіледі, - делінген министрліктің баспасөз қызметінде.

Сонымен қатар ведомство Мысырда оқитын студенттер оқу визаларын алу және жаңарту кезінде бюрократиялық кедергілерге тап болатынын растады.

- Атап айтқанда, визаны жаңарту мерзімі 4-5 айға дейін созылып, көші-қон ережелерінің бұзылуына алып келуі мүмкін. Аталған мәселені шешу үшін Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі жергілікті Ішкі істер министрлігі және тиісті жоғары оқу орындарының басшылығымен келіссөздер өткізіп жатыр. Мысыр тарапы бұл мәселені оңтайлы шешуге бейілділігін растады, - деп аталып өткен ҚР Сыртқы істер министрлігі ақпаратында.

Айта кетейік, жақында әлеуметтік желіде Мысырға діни білім алуға барған Қазақстанның 15 азаматын полиция қызметкерлері пәтерден алып кеткені жөнінде ақпарат тарады. Мысырға оқуға түсуге сапарлағандар бастапқыда туристік визамен барады екен. Сонымен қатар, оқуға түсуге барған Қазақстан азаматтарын полицияның ұстап алып кетуі оқиғалары жиі кездесетіні айтылып отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.