Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

2 507

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі24 қарашада Ақордада алты елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

 Сенім грамоталарын Израиль, Қырғызстан, Куба, Ливан, Зимбабве және Сомали елдерінің елшілері тапсырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның барлық мемлекетпен достық қарым-қатынас орнатқан бейбіт ел екенін атап өтіп, елдің ішкі саясатындағы бастамаларға тоқталды. Ол аталған жұмыстардың Әділетті Қазақстан құруға және "Заң және тәртіп" қағидаттарына негізделгенін айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы дипломатиялық миссияларын ресми түрде бастаған елшілерге сәттілік тілеп, Қазақстан тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.