Қазақстан мен Швейцария ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

2 515

Фото:inbusiness.kzҚазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Швейцарияның Берн қаласына ресми сапармен барып, швейцариялық әріптесі Иньяцио Кассимен келіссөздер жүргізді. Кездесуде екі ел арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Министр Ермек Көшербаев Швейцарияның Қазақстан үшін Еуропадағы маңызды серіктес екенін атап өтті. Оның айтуынша, екіжақты қарым-қатынас соңғы жылдары тұрақты түрде кеңейіп келеді. Соңғы 20 жыл ішінде Швейцария Қазақстан экономикасына 35,8 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйған. Ал 2025 жылдың алғашқы он айында екі ел арасындағы тауар айналымы 1,2 млрд АҚШ долларын құрады.

Өз кезегінде Иньяцио Кассис Швейцарияның Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді. 

Сапар барысында тараптар "Blue Peace Central Asia" бағдарламасы бойынша өзара түсіністік меморандумына және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған тағы бір құжатқа қол қойды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.