Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін неге бір миллиард доллар төлемеді
Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне мүшелікке өтуі үшін бір миллиард доллар төлеуі қажет болғаны жөніндегі ақпаратқа қатысты Zakon.kz сайтына түсініктеме берді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Ақордада атап өтілгендей, мемлекеттің Бейбітшілік кеңесіне қосылуы тек қана оның егемен шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, Кеңеске мүше болған сәттен бастап мемлекеттің ондағы мүшелік мерзімі үш жылды құрайтыны хабарланды.
2026 жылғы 22- ші қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойған. Қол қою рәсімі Давос қаласында өткен.
Салтанатты рәсімге Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар 18 елдің басшылары мен ресми өкілдері қатысқан.







