Қоғам қайраткері Оразалы Ержанов қамауға алынды

2 513

Фото: ашық дереккөзБелгілі қоғам қайраткері Оразалы Ержанов қамауға алынды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Жұбайының айтуынша, Оразалы Ержановты түнде алып кеткен, тінту жүргізілген. 10 тәулікке қамауға алынған. Себебі әзірге белгісіз», – деп жазды бейсенбі күні журналист Гүлжан Ерғалиева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қоғам белсендісінің ұсталғанын Қазақстанның халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросы да хабарлады.

 «Қазіргі уақытта ол Elge Qaitaru қоғамдық қорының құрылтайшысы әрі жетекшісі. Ұйым елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға жәрдемдеседі. Бұған дейін ұзақ жылдар бойы ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары, қаржы вице-министрі, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы, Халық банкінің төраға орынбасары, KEGOC вице-президенті, «Наурыз банкі» басқарма төрағасы қызметтерін атқарған», – делінген хабарламада.

Әзірге қамауға алуға не себеп болғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Алайда Ержанов жаңа Конституция жобасын және референдумды жедел өткізуді сынағандардың қатарында болғаны атап өтілген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.