7 ақпанда Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

2 542

Фото: ашық дерек көзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы 7 ақпанда өтеді. Бұл туралы сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Үкімет пен министрлердің жұмысына қандай баға берілетіні 7 ақпанда өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылады ойлаймын", - деді Әшімбаев сенат кулуарында.

Сенат төрағасының сөзінше, үкімет белсенді жұмыс істеп, қойылған міндеттерді орындап жатыр. Дегенмен олқылықтар да бар.

"Жалпы алғанда үкімет мемлекет басшысы жариялаған кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсап жатыр. Парламент тарапынан, сенат тарапынан біз қажетті құқықтық база жасап жатырмыз", - дейді Әшімбаев


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.