Елде цифрлық технологияларды дамыту күшейтіледі
Мемлекет басшысы Тоқаев IT-бизнестің көкжиегін кеңейтіп, жасанды интеллект технологияларын өндіріс саласына енгізуді жеделдетуді тапсырды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Президент отандық IT-бизнестің көкжиегін кеңейтуді негізгі міндеттердің бірі ретінде қарастыруға шақырмақ.
Тоқаев жасанды интеллект технологияларын өндіріс саласына енгізуді ынталандыру керек деген. Сонымен қатар цифрлық төлем инфрақұрылымына қатысты мәселені шешуді тапсырған. Президенттің айтуынша, жасанды интеллектіні экономикада кең қолдану технологиялық тәуелсіздік пен экономикалық өсімге ықпал етпек. Үкіметтің алдында өнеркәсіпке озық технологиялар енгізу үшін ынталандыру тетіктерін қарастыру міндеті тұр.







